13 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хаБарлады Қазгидромет РМК. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыс, оңтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерде найзағай, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады.Кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және тәңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.