Жауын жауса, судың бәрі сол маңдағы көлшікке жиналады екен. Ал әкімдік болса іргесін бекітуге әлі асықпайды. Шенділер шабан тартып жүргенде, балалар шетінен суға кетіп жатыр. Өткен аптада ғана осы су қоймасынан екі баланың мүрдесі табылды. Содан бері ата-аналардан маза қашты.
– Амал жоқ, жұмысқа бару керек. Әркім өз отбасын асырау үшін тастаймыз, кетеміз. Мына жерде он бала бар. Биыл 15-ке жетеді. Амал жоқ, солардың бәрін тастайсың да, жұмысқа кетесің, – дейді Қоянды ауылының тұрғыны Бердібай Әбдіқадыров.Оның айтуынша, ол жерді жабу үшін 2-3 мың текше метр топырақ керек. Ал жергілікті әкімшілікте оған қаражат жоқ екен. [embed]https://youtu.be/lk9cgNLGd70[/embed]