Тұтқындағы қыз ойынның арқасында аман қалған
Тұтқындағы қыз ойынның арқасында аман қалған
©Сурет интернеттен алынды
129
оқылды
4 шілде күні Токио қаласының солтүстігіндегі мектеп оқушысы жоғалған. Ол сол күні әлеуметтік желі арқылы танысқан 44 жастағы кәсіпкер Гото Хироясумен кездесуге барған. Бұл жайында Lad Bible жариялады. Сол күні кешкісін қыз үйіне оралмаған соң, отбасы полицияға шағымданған. Бірақ одан ештеңе шықпады.
Оқушының айтуынша, кездесуде ер адам оның телефонын тартып алып, тұтқында ұстаған. Тек бір айдан кейін ойын ойнауына мүмкіндік берген. Соның арқасында ол интернетке кіре алатын болды. Осы мүмкіндікті пайдаланған оқушы  полицияның онлайн-қызметіне хабарласып, мән-жайын айтқан. Сөйтіп, полиция Гото Хироясудың пәтеріне барып, қызды тауып алған. Оқушы темір құбырға байлаулы болған.
Ақырында қыз үйіне оралған. Ал күдікті болса өзінің кінәсіз екенін ақталып, оқушыны тұтқында ұстамағанын айтты.  Оқушының ол азаматпен не үшін кездескені әлі  белгісіз. Тергеу әлі жалғасуда.