Қала әкімі Алтай Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында жалпы 17 мың балаға көмек көрсетілетінін айтты. Әкімнің айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың балаға көп. Былтыр оқу құралдарын сатып алуға әр оқушыға 30 мың теңгеден бөлінген.
«Егер отбасыда, мысалы, 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Оған бюджеттен 680 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Тұрмысы төмен отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі», – деді Алтай Көлгінов.Әлеуметтік тұрмысы төмен оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді. Әкім сұхбатында тұрмысы нашар отбасының балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Жалпы 34,5 мыңға жуық балаға көмек көрсетілетінін айтты.