«Халық кедейленіп, күнкөріс қиындағанын мойындауымыз керек» – әкім карантин жариялауға болмайтынын айтты
«Халық кедейленіп, күнкөріс қиындағанын мойындауымыз керек» – әкім карантин жариялауға болмайтынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
«Қаланың экономикасына алдын ала болжам жасадық. Бұдан былай карантинді ашып, коронавирус азайып, карантин болмайды деп үміттеніп отырғанда осындай жағдайға қайта оралсақ, бұдан да жаман болады, экономика мұндай салмақты көтере алмайды. Қайта карантин жариялағанға төтеп бере алмайды», – деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, 17 тамызда карантин жеңілдей бастайды және компаниялар аудит пен тексерулерден кейін 1 қыркүйектен өз жұмысын бастайды.
«Менің ойымша, экономика тез қалпына келеді. Біз жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын ұсынып отырмыз, жұмыссыздар бағдарламаларды тиімді пайдалану қажет. Бұл мәселе бізді алаңдатады. Халықтың табысы төмендеп, кедейленіп бара жатқанын мойындауымыз керек. Біз жұмыс орындарын ашып, жұмысшыларға қолдау көрсетуге баса назар аударып отырмыз», – деді Сағынтаев.
https://youtu.be/p2MmCgKwu7Q