Алматыда полиция қалада тікұшақтардың не үшін ұшып жүргенін түсіндірді
Алматыда полиция қалада тікұшақтардың не үшін ұшып жүргенін түсіндірді
Фото: Интернеттен алынды
166
оқылды
Алматы қаласында жолдардағы жағдайға талдау жасау және кептеліс болып жатқан жол учаскелерін анықтау үшін әуеден бақылауды қайта бастады, – деп жазады «Спутник Қазақстан». Құқық қорғаушылар қала жолдарындағы жағдайды бақылау мақсатында әуеден патрульдеуді қайта бастады. Сонымен қатар полиция осылайша кептеліс болып жатқан қиылыстарды анықтап, ол учаскелерге жол қозғалысын реттегіштерді жібереді. Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, соңғы жылдары қалада көше мен магистральдерде көлік ағындарының жиілігі едәуір артқан, осы себепті полиция жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру шараларын қабылдап жатыр. 12 тамыздан бастап қалалық төтенше жағдайлар департаментінің тікұшақтары Алматыны аралап ұшып жатыр. Әуеден патрульдеуге әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің басшылары жұмылдырылды, олар жолдағы жағдайға талдау жасайды. Онлайн патрульдеу режимінде экипаждарға көлік қозғалысы қиындаған учаскелер туралы ақпаратты дер кезінде орталыққа жібереді. Көлік кептелісін реттейді.