Жол апатынан үш адам қайтыс болды
Жол апатынан үш адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
96
оқылды
Оқыс оқиға 11 тамыз күні сағат 18:40-да «Ақтөбе-Богословка» трассасы бойындағы Сазды ауылы маңында болған. Көлік жүргізуші мен екі жолаушы қайтыс болды. Opel Vectra автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып Toyota Camry маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Vectra автокөлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттан жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Тексеру кезінде өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Тағы бір жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолында болды. «Аudi 100 C4» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қарсы бағытқа шығып, «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша да сот алды тергеу жұмысы басталды.