Ұрлық ашылғанмен ұрылар азаймай тұр
Ұрлық ашылғанмен ұрылар азаймай тұр

Қызылорда облысында ашылған қылмыстардың басым бөлігі ұрлық деректері бойынша анықталған.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы Мади Әбішев мәлімдеді.

Жыл басынан бері 3544 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт жүзге, яғни 12 пайызға төмендеген. Дегенмен, қылмыстың басым бөлігі ұрлық деректері бойынша анықталған. Бүгінде ұрлық істері қылмыстың 59,4%-ын құрайды.

Мамандар «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» аналитикалық жүйесі арқылы қылмыстың алдын алу мүмкіндігіміз жоғары дейді.

– Құқық бұзушылық картасымен жұмыс істеу процесі кез келген қылмыс қылмыстық қудалау органдарында тіркеледі. Осы уақыттан бастап, қылмыс картада пайда болады, онда қылмыс жасалған күні, уақыты, мекен-жайы және қылмыстың түрі көрсетіледі. Бұл карта ғаламтор желісінде http://qamqor.gov.kz мекен-жайы бойынша кез келген азаматқа қолжетімді, – деді Мәди Әбішев.