Алматыда тірідей жанып кеткендер кімдер?
Алматыда тірідей жанып кеткендер кімдер?
138
оқылды
Көпбөлмелі үйдің кіреберісінен басқасы түгелдей жанып кеткен. Қызыл жалынға оранған үйден екі адамның өлі денесі табылды. Мәйіттердің денесі адам танымастай күйде болған. Қазір олардың жеке басын анықтау үшін экспертиза жұмыстары жүргізілуде. «Өрт ошағы 4 минутта ауыздықталып, 21 минуттың ішінде толығымен жойылды. Барлығы 21 өрт сөндіруші, 15 қызметкер, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылды», – деді Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, өртенген үй ішкілікқұмар жандардың баспанасына айналған. Мұнда сирек тұрақтайтын баспана қожайыны үйдің есігіне құлып салып жүрсе де аймақтағы үйсіздер терезеден кіріп, ғимаратты мекендеп келген. Оқиға орнында мерт болған мәйіттердің қасынан қаптаған ішімдік бөтелкелері табылған. Полиция және төтенше жағдай қызметкерлері жақын маңдағы үйлерге де тексеріс жасады. Дәл қарама-қарсы баспанадан мас күйдегі әйел табылып, оған қатаң түрде ескерту жасалды.