Жақсы ауданында дәрігерлерге арналған жаңа жоба жүзеге асырылуда. Осыған дейін инфекциялық бөлім орналасқан ғимарат қайта жабдықталып, 8 пәтерлі тұрғын үй ретінде аудан дәрігерлеріне пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Жақсы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі сәтте аудандық орталық аурухана аумағында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын мердігер компания, Павлодар қаласының «ПавлодарЭнергоМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мойнына алған. Ғимараттың жалпы ауданы 474 шаршы метрді құрайды.
«Бір бөлмелі пәтер саны төртеу және екі бөлмелі пәтерлер де төртеу –барлығы сегіз пәтер болады», - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дәулет Қосшығұлов.Желтоқсан айында орталық аудандық аурухананың ғимараты тұрғын үй ретінде дәрігерлер мен өзге де қызметкерлерге табыс етілмек.