Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорған тұрғындарымен кездескені жайлы видеоға айрықша назар аударып, лауазымды тұлғаның мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сай емес жат қылық көрсеткенін хабарлады.
«Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғап, оны кейіннен Әдеп жөніндегі кеңесте қарау тапсырылды», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ресми өкілі Ерхан Тәткен. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да осы мәселеге назар аударып, Ерғали Сыдымыновқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді бастауды тапсырды.Еске сала кетейік, Ерғали Сыдыманов 12 тамызда Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды. https://www.instagram.com/p/CD0Nl9opUEl/?igshid=1mna7k8jpck6a