Тоқаев Атырауға келді
Тоқаев Атырауға келді
208
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді.

Сапар бағдарламасына сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған.