Нұротандық депутат балаларға жаңа спорт алаңын салып берді ⠀
Нұротандық депутат балаларға жаңа спорт алаңын салып берді  ⠀
5,202
оқылды
Ақтөбе қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшесі Ардақ Утегенов Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасына қолдау ретінде балаларға спорт алаңын салып берді.  Ардақ Утегенов жастайынан салауатты өмір салтын ұстанады. Спортқа деген ынтасы аулада балалармен доп ойнаудан басталып, кейін бокс өнеріне ден қойған. Қазір былғары қолғаптан спорт шеберлігіне үміткер. Қоғамдық өмірін спортпен байланыстырып жүрген азамат оның тәрбиелік мәніне де ерекше көңіл бөледі. Командалық ойын балаларды достыққа, бірлікке баулитынына сенімді.  width= «Кезінде ауладағы балалармен түрлі спорттық шараларға белсене қатысатынбыз. Қазір байқасам, жер үйлерде тұратын балалардың ұйымшылдығы азайып, спорттан алыстап кеткен. Сондықтан спорт алаңын көпқабатты үйлердің ортасынан емес, шет жақтағы «Тәуке хан» көшесіне салуды жөн көрдік. Қала әкімі, партияның қалалық филиалы төрағасы Асхат Шахаров жер бөліп, көшені жарықтандырып, қолдау білдірді», – деді депутат.  width= Футбол және баскетбол ойнауға арналған шағын спорт алаңы бір айға жуық уақытта салынған. Көлемі 28/15 метрді құрайды, резеңке жабынмен көмкерілген. Қажетті құрал-жабдықтар Алматыдан арнайы тапсырыспен алынған. Мұнда әр баланың спортпен айналысып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндігі бар. Айта кету керек, Ардақ Утегенов бұдан бұрын Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жанындағы провизорлық орталыққа жəне облыстық клиникалық жұқпалы ауруларға қарсы ауруханаға оттегі концентраторларын сыйлаған болатын.