Қ.Тоқаев: Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету керек
Қ.Тоқаев: Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету керек
170
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету керегін айтты.


– Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету, негізінен, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кен орындары есебінен жүзеге асырылып отыр. Мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай көлемінің азаю қаупі бар. Ресурсты тиімді пайдалану үшін Үкімет нақты ұсыныстар енгізуі қажет, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, біз бір орнымызда тоқтап қалмауымыз керек. Мысалы, мұнай-газ компанияларының әлеуметтік аударымдарының арқасында мыңдаған азаматқа, әсіресе, ауылдық жерлердің тұрғындары үшін заманауи мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары, басқа инфрақұрылым нысандары салынады.

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтылды.