Парламент Сенатындағы әйелдердің үлесі 29%-ке жетті
Парламент Сенатындағы әйелдердің үлесі 29%-ке жетті
Күні кеше сайланған депутаттардың бесеуі – әйел. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды қорытындылап, арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар». Алдын ала жарияланған қорытындыда өзгеріс жоқ. 17 сенатордың төртеуі қайта сайланған. Екі депутат облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 3 бірдей ауданның әкімі Сенатқа кетті. Сондай-ақ жергілікті мәслихаттың хатшысы да сенатор атанды. Бизнес саласынан 3 адам сайланды. 14 облыс орталығы мен 3 ірі қалада сайлау заңға сәйкес өткен. Ешқандай арыз-шағым тіркелмеген. Сайлау өткен орындарда санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған. Дауыс берушілердің 94,1%-і қатысып, дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, үгіт-насихат шараларына бөлінген қаржының 40%-і үнемделген. Бұл ақша республикалық бюджетке қайтарылады.