Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы неге төмендеп кетті?
Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы неге төмендеп кетті?

Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы төмендеген. Басты себеп – транзиттік шектеулер мен тыйымдар. Бұл туралы бизнес-форум барысында Украина сауда-өндірістік палатасының вице-президенті, "ЗЕД" экспорттаушылар мен импорттаушылар ассоциациясының басшысы Сергей Свистиль хабарлады.

«Әлдеқайда күрделі мәселе - транзиттік шектеулер мен тыйымдар. Транзит бойынша техникалық мәселелерді шешу көбіне Қазақстанға байланысты. Транзит мәселесін шешуде Қазақстан бастама танытады деп сенемін. Бұл сұрақтар шешімін табуы тиіс. Біз 4 млрд доллар қаражат жоғалттық, енді бұл 4 миллиардты қалыпқа келтіру керек», - деді С.Свистиль.

Спикердің пікірінше, тағы бір мәселе - Украинамен ынтымақтастыққа саяси қолдау білдіру. Ол ҚР СІМ-ге қатынастарды жаңғыртып, қалыпқа келтіргендері үшін алғысын жеткізді. Алайда, бизнес қоғамдастықты тарту "жоғары саяси деңгейде" қолдау арқылы болуы тиіс. Свистиль Қазақстан билігін өнім жеткізудің баламасыз логистикалық шешімдерін табуға шақырды.

Бұдан өзге Украина өкілі қос мемлекет бір-бірінің аймағында «өндірістің белгілі бір фазасын» орналастыру қажет деп есептейді. Оның пікірінше бұл мемлекетте бар экономикалық қағидаларды бұзуға жол бермейді. «Бүгінгі таңда жеңілдетілген сауданың есебінен 30%-ға дейін тиімді нәтижеге қол жеткізе аласыз», - деген ол егер мемлекеттің қалыптасқан қағидасын бұзбай дұрыс қолдану бұл қос мемлекетті экономикасына тың серпін беретінін алға тартты. «Бізге бұл қосымша кірісті қалай алудың жолдарын талқылау қажет», - деді Свистиль.

Ол Қазақстан мен Украина «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасына кіріккенін, АҚШ-тан инвестиция алатындарын, Украина кәсіпкерлері саяси шешімдердің олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмейтініне сенімді болғысы келетіндерін атап өтті.

«Қазақстан арнайы бағдарламар бойынша алда келе жатыр. Украинада бүгінде бизнесті қолдау бойынша 30 бағдарлама бар», - деген Свистиль «бұл мәселеде бізге ортақ табысу нүктесі керек», - деді.