17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер жүре бастайды. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, эпидемияға қарсы шараларды және алдын алу шараларын сақтау) рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, биылғы 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялау мен желдетуді қамтамасыз етумен, отырғызу орындарының толуына қарай жүре бастайды.