Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов әдепсіз мінез-құлқы үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлермен кездесу кезінде ол мемлекеттік қызметшінің этикасын бұзып, қарсыластар атына өткір сөздер айтқан. Бұл оқиға Сыдымановтың Алматы облысы бас санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалуының алғашқы күні болды. Шенеуніктің айтуынша, карантин кезінде кәсіпкерлер оған автобөлшектер сататын дүкен ашуға рұқсат беруді сұраған. Жауап ретінде ол кәсіпкерлерге 17 тамызға дейін, яғни карантинді жұмсартқанға дейін күту керек екенін айтқан. Ұялы телефонға түсірілген бұл әңгіме әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
«Енді мұның бәрі басқа бағытқа бұрылды. Егер мен бір нәрсені шынымен бұзсам, онда ренжігендердің бәрінен, халықтан кешірім сұраймын. Менде жаман ниет болған жоқ. Бірақ мен дұрыс істемегенімді мойындаймын және жауапкершілік алуға дайынмын»,- деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.