Кличко өзін арандатпақ болған жанкүйерге: "Сен менің Қазақстанда туғанымды білесің бе?"
Кличко өзін арандатпақ болған жанкүйерге: "Сен менің Қазақстанда туғанымды білесің бе?"

Кличконың видео жауабын журналист Майкл Бенсон өз твиттеріне жүктепті

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы украиналық Владимир Кличко өзін арандатуға тырысқан лондондық жанкүйерінің сауалына жауап берді.

Гордон Стюарт есімді жанкүйер Кличкодан: «Сіз Борат сияқты сөйлеуге тырысып жатырсыз ба, әлде мұндай қасиет сізде табиғи ма?» деп сұрайды. Оған боксшы: «Гордон, сен менің Қазақстанда туғанымды білесің бе? Бұл керемет ел және ол маған ұнайды» деп Бораттың мәнерінде жауап берген.

Кличконың видео жауабын журналист Майкл Бенсон өз твиттеріне жүктепті. Және видео астына «Владимир Кличко оған жылдар бойы қойылып келе жатқан сауалға жауап берді» деп жазған. 

Еске салсақ, Владимир Кличко 1976 жылы Қазақстанда, Семей өңірінде дүниеге келген. Кейінірек олардың отбасы Украинаға көшіп кетеді.