Маска тақпаған балалар оқудан шығарылуы мүмкін
Маска тақпаған балалар оқудан шығарылуы мүмкін
©Сурет интернеттен алынды
127
оқылды
Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде 2 миллионға жуық оқушы мектепке қайта оралды. Бірақ мектептің бірқатар ереже енгізілген екен. Мәселен, бесінші сыныптан бастап балалар сабақ үстінде де, үзіліс кезінде де маска тағуға міндеттеледі. Ережеге бағынбағандар оқудан шығарылуы мүмкін.
Оған қоса, мұғалімдердің оқушыны тақтаға шығаруына тыйым салынады. Дәлізде балалар тек бір бағытта жүруі тиіс. Бұл қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін қажет. Денешынықтыру далада өтеді. Мұғалімдер екі апта сайын коронавирусқа тегін тест тапсырады. Өйткені елдегі ұстаздардың үштен бірінің жасы 50-ден жоғары болғандықтан, дені осал топқа жатады.
Жалпы Германияда федералдық жерге байланысты оқу жылы әртүрлі уақытта басталады. Бұған дейін Берлин, Гамбург, Бранденбур оқушылары мектепке қайта оралған.