Екі бала – Текелі қаласының тұрғындары екен. Екеуі де бір көшенің балалары.
Көзден таса қалған соң, олардың ата-аналары іздеп, дабыл қаққан. Тіпті 5 жасар қыздың ата-анасы өз бетінше іздемек болған. Сол кезде қызының жалғыз емесін білген. Онымен бірге көрші үйдегі ұлдың да жоғын естіген. Сөйтіп, ата-аналар балаларды бірге іздестіре бастаған.

» Біз жоғалған балалар бойынша толық бағдар жасап, жеке құрам толығымен іздеуге жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу шараларына кәсіби волонтерлер мен жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер де тартылды. Бір жарым сағаттан кейін балалар үйлерінен екі шақырым жерден табылды», – деді Текелі қалалық Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ұлан Садықов.
Екі баланы да тәртіп сақшылары аман-есен ата-анасына тапсырды. Бұл жайында Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.