Ұлын құтқарамын деп әкесі көз жұмды
Ұлын құтқарамын деп әкесі көз жұмды
©Сурет интернеттен алынды
Соның салдарынан ол суға батып кетті. Оның мәйітін құтқарушылар ертеңінде тауып алған.
Бұл оқиға Instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy парақшасында жарияланған. Суда үрлемелі төсеніш теуіп жүрген 11 жастағы бала жағалаудан 850 метрдей жерге кетіп қалады.  Бала қорыққанынан әкесін айқайлап шақыра бастайды. Оны ести салысымен әке баласын құтқармақшы болады.  Бірақ ол баласына жете алмай, суға батып кетеді.
«Құтқарушылар 11 жасар баланы аман-есен жағаға жеткізді. Ал әкесі суға батып кетті.  Оның денесі 12 тамыздың кешінен бері іздестірілуде. Мәйіт бүгін ғана табылды, - деп жазған жазбада автор. Бұл фактіні Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де растады. Олардың мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 12 тамыз күні Балқаш көлінде, Приозерск қаласынан 5 км жерде болған.
"2009 жылғы бала жағадан үрленетін төсеніште жүзіп кетеді. Баласының батып бара жатқанын көрген әке құтқарушыларды күтпей көмекке асығады. Бірақ ол балаға жете алмай қалады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балаға көмектесіп, оның әкесін іздей бастады. Іздеу жұмыстары қараңғыға дейін жалғасып, 13 тамызда таңертең қайта жалғасты. Суға батып кеткен адамның денесі бүгін сағат 10: 40-та жағадан 350 метр жерден табылды" - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.