Партияішілік праймериздің күнтізбелік жоспары бекіді
Партияішілік праймериздің күнтізбелік жоспары бекіді
– Өздеріңізге мәлім, партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың   тап­сырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет рес­пуб­ликалық ау­қымда өтеді. Бұл – Елбасының бас­­та­ма­сымен қолға алын­­ған «Сенім. Диалог. Бо­ла­шаққа нық қа­дам» партия жұ­мысын «қай­та жан­дан­дыру» бағдар­ла­масының қо­рытынды ке­зеңдерінің бірі. Кандидаттар прай­меризге бас­тауыш партия ұйымының атынан не­месе өзін-өзі ұсыну жолымен де қа­тысуы мүм­кін. Бұл ретте партияның құн­ды­лық­тарын ұстана­тын және сайлау құқығы бар кез келген аза­мат үміткер бола ала­ды. Ол үшін прай­меризге қатысу­шы­лар­ды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan» пар­тиясының қатарына қосылу керек. Бүгін Орталық ұйымдастыру ко­ми­­­те­тінің бірінші отырысы өтті. Жиын ба­ры­сын­да партияішілік сайлаудың рес­пуб­ли­калық күнтізбелік жоспары бекітілді, – деп жазды Бауыржан Байбек. Ол сондай-ақ кандидаттарды ұсыну жә­­не тіркеу 17 тамыздан басталып 28 та­мыз­ға дейін жалғасатынын, үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бе­рі­­летінін жеткізді. – 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі ара­лық­та кандидаттардың үгіт жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған. Пікірсайыстар партияның ресми аккаунт­тарында таратылатын «Праймериз» ақ­парат­тық жүйесі арқылы өтеді. Осыған бай­ланысты партия Төрағасының тап­сыр­масымен онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді. «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты күшейтуді, жұртшылықтың пікірін ескере оты­рып, түрлі бастама мен заң жоба­сын онлайн-талқылау мүмкіндігін көз­дейді, – деп атап өтті ол. 1 қазан мен 3 қазан аралығында мо­бильді қосымша және арнайы веб-пор­тал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жос­парланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйым­дары­ның базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюлле­тень­дер арқылы дауыс беруге болады. Кан­дидаттардың рейтингі көрсетілген прай­мериз нәтижесі 5 қазанда жария­ла­нады. Бауыржан Байбек сондай-ақ Халық­ара­лық жастар күні қарсаңында Елбасы мен Мемлекет басшысы бастамашы болған #BizBirgemiz республикалық акциясының бел­сенділері мен волонтерлерге алғысын білдірді. – Осынау күрделі кезеңде біз жас­тары­мыздың жанкешті қайсарлығы мен үлкен жүректі патриоттығына куә бол­дық. 5 мың­нан астам жасотандықтар мен еріктілер бүкіл ел көлемінде мұқтаж жан­дарға азық-түлік себеттерін, бетперделер мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берді. «Jas Otan» волонтерлері Мақ­та­раарал­­дағы су басудан зардап шеккен тұрғындарға да алғашқылардың бірі болып көмекке келді. Біздің жастар қанатымыз жуырда «Дәрігерлерге мың алғыс!» атты тағы бір акцияға бастамашы болды. Осы шара аясында бүкіл ел бойынша медицина қыз­меткерлеріне қымыз, шұбат және им­мунитетті күшейтетін басқа да өнімдерден тұратын «Алғыс пакеттерін» жеткізіп берді. ЫНТЫМАҚШЫЛДЫҚ – партиямыз­дың басты құндылықтарының бірі. Ол рухы күштілердің әлсіз жандарға, бақуатты кісілердің тұрмысы төмендерге, ден­саулығы жақсы адамдардың  науқастарға, жасы үлкендердің өзінен кішілерге жана­шыр болуынан танылады. Елімізде өздерін және айналасын жақсы жаққа қарай өзгертуге құштар ұрпақтың өсіп келе жат­қаны сүйсіндіреді. Бұл – жасампаздыққа ден қойған, жауапкершілік ала алатын, ынтымақшылдық танытып, өзара қол ұшын беруге дайын буын. #BizBirgemiz идеясының да мәні, осы, – деп атап ол. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бі­­рінші орынбасары алдағы партияішілік праймериз жастардың өзін көрсе­туіне, бәсекелік саяси күресте лидерлік қабі­лет­терін айқындауына мүмкіндік беретінін айтты. – Біздің мақсатымыз – Мәжіліс пен бар­лық деңгейдегі мәслихаттарға алда болатын сайлауларға айқын партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін жаңа лидерлерді анықтауда барынша ашық іріктеу өткізу. Бұл үшін Елбасының шешімімен 35 жасқа дейінгі жастарға «Nur Otan»-ның партиялық тізімдерінде арнайы 20 пайыздық квота көзделген. Праймериз барысында өз ауданы, қаласы, облысы үшін ең лайықты өкілдер таңдалып алынатынына сенімдімін. Олар белсенді түрде жастардың мүддесін қорғайтын болады, – деді Бауыржан Байбек. Ол сонымен қатар «Nur Otan» пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тапсырмасына сәйкес партияның жас жақ­тастары бесжылдық «Жастар – Отан­ға!» Жастар бағдарламасының жобасын әзірлегенін, әлемдік озық тәжірибелерді және еліміздің бүкіл өңірінен жастардан түс­кен 3 мыңнан астам ұсынысты ескере отырып дайындалған бұл құжат «Jas Otan» сайтында жарияланғанын тілге тиек етті. – Бағдарламада жастардың негізгі 5 мә­селесі қамтылып, оларды шешу жолдары ұсы­нылған. Біздің күш-жігеріміз қол­жетімді баспана және жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу секілді негізгі мәселелерге жұмыл­дырылатын болады. Әрбір бағыт бойынша кешенді шаралар әзірленіп, нақты индикаторлар белгіленген, – дей келе Бауыржан Байбек бағдарламаның түпкілікті нұсқасы «Jas Otan» алаңында қыр­күйекте талқыланатынын, сол уақытқа дейін әркім өз ескертулері мен ұсыныс­тарын енгізе алатынын жеткізді.  

Абылайхан ЖҰМАШ