Жұмыс та жоқ, ақша да жоқ
Жұмыс та жоқ, ақша да жоқ
35 жастағы азаматша осыған дейін де қыл­мыстық жауапкершілікке тартылған бо­лып шықты. Ал осы жолы ол жалақысы өте жо­ғары мұнай компаниясына жұмысқа тұр­ғызуға көмектесемін деп уәде беріп, ол қыз­меті үшін үлкен көлемде ақша алған. Оның сө­зіне сенген тұрғындар осылайша не жұ­мыс жоқ, не ақша жоқ – екі ортада қа­лыпты. Оқиға қалай болды десеңіз, шіл­денің ор­тасында Абай даңғылы мен Саин кө­ше­лерінің қиылысында тұрған алма­ты­лықтарға жақындап барып, жұмыс ұсынған. Пандемияға байланысты көпшіліктің жұмыссыз қалғаны анық. Сондықтан бірі болмаса, біріне қазіргі уақытта ақша керегін біліп, тұрғындарға осындай ұсыныс ай­тыпты. Әрі уақытша жұмыс беремін деген уә­десіне сендірген әйел әрі сөзшең, әрі мық­ты психологқа ұқсайды. Осылайша ай­лығы жақсы жерге жұмысқа кіремін деген үмітпен азаматтар бар ақшасын берген. Әзір­ге осындай оқиғасын айтып, шағым­дан­ғандар саны екеу. Бірақ полиция қыз­мет­керлерінің айтуынша, алаяқ әйел мұндай іс-қимылды Алматының басқа аудандары аумағында да іске асырған болуы мүмкін. Сон­дықтан осы мәндес оқиғаға тап болған­дар 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35 нөмір­лері бойынша хабарласа алады.  

Жадыра АҚҚАЙЫР