Кавасаки синдромы: 7 балаға диагноз қойылды
Кавасаки синдромы: 7 балаға диагноз қойылды
Фото: Интернеттен алынды
5,137
оқылды
«Астана – адалдық алаңының» тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тимур Мұратов жеті балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты.
«Әңгіме Кавасаки синдромы туралы емес, Кавасакиге ұқсас синдром туралы болып жатыр. Бұл балалардағы коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық курсынан зардап шеккеннен кейін пайда болатын қабыну процесі. Бүгінгі таңда қаламыздағы үш балалар ауруханасында жеті бала бар. Олардың екеуінде COVID-19 расталды, антиденелер бар», – деді Тимур Мұратов.
Сондықтан Нұр-Сұлтанда профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысады. Дәрігерлердің айтуынша, балаларда Кавасаки синдромының белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диареямен байланысты болады.