Алматыда 16 миллион теңгесі бар сейфті 10 минутта ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Алматыда 16 миллион теңгесі бар сейфті 10 минутта ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Қаскүнем небары 10 минутта сейфті алып кеткен.

Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев: «1983 жылы туған М. есімді азамат таңғы бестерде кеңсенің алдыңғы есігінің құлпын сындырып, ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті анықталды. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған қаражатты сақтау орнын анықтауға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қаралған қылмыстық іс материалдарына тіркеледі», – деді.