Мәдениет саласы қолдауға зәру

Мәдениет саласы қолдауға зәру

Шымкент қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауына байланысты қалалық актив жиналысы өтті.

Жиынға Президент Әкімші­лігінің мемлекеттік инспекторы Б.Батаев, Кәсіподақтар федера­ция­сы төрағасының бірінші орын­басары Н.Әбдібеков және басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, мәслихат депу­тат­тары, ардагерлер, зиялы қа­уым өкілдері, этно-мәдени бір­лес­тіктер мен үкіметтік емес ұйым­дар төрағалары және жо­ғары оқу орындары басшылары қатысты.

Маңызды шараны ашқан қала әкімі Ерлан Айтаханов Жол­дауда көрсетілген 5 ба­ғыт­ты айшықтап айтып берді. Со­нымен қатар қала басшысы бел­гіленген бағыттарды мега­по­листе іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалатынын атап өтті. «Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың Жолдауы – мемлеке­ті­міздің даму қарқынын арт­ты­ратын маңызды құжат. Шым­кент қаласы келесі жылы ТМД-ның басты мәдени қаласы ре­тінде таңдалғаны белгілі. Ме­рейлі мерекенің жоғары дәре­жеде өтуі үшін қазір дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы орайда Президенттің Қа­зақ­стан халқына арнаған Жол­дауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін шымкенттіктердің барынша үлес қосатынына се­німдімін», – деді қала басшысы.

Мәселен, бірінші бағытта көрсетілгеніндей Шымкент қа­ласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әрбір өтініш пен жеке қабылдауға келген кез кел­ген тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керегі айтылды. Сонымен қатар қала­да заң шеңберінен шықпайтын және азаматтардың тынышты­ғын бұзбайтын бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қа­ралып бекітілетін болды.

«Президент Ішкі істер ми­нистрлігін реформалауға алда­ғы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл қа­ражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бо­­йынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұм­салатын болады. Аталған бағыт бойынша ағымдағы жылы қа­лада әл-Фараби, Еңбекші ауда­нын­­дағы полиция басқарма­ла­ры ғи­­ма­ратында фронт-офистер ашыл­са, жылдың соңына дейін осын­дай фронт-офистер Абай және Қа­ра­тау аудандарында ашыл­мақ», – деді Ерлан Қуаныш­ұлы.

Атап өтейік, Мемлекет бас­шысы халыққа арнаған Жол­дауында 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл са­йынғы тұрақты өсімін 5 пайыз­ға және одан да жоғары деңгейге жеткізу қажетін айтты. Ал 2018 жылы Шымкент қаласында жал­пы өңірлік өнім 2 трлн теңгені құрап, 12 пайызға артқан. Жиын­да осы жоғары деңгейдегі өсім қарқынын сақтап қалу мә­селесі көтерілді. Осы жы­лы қалада Индустриялық-инно­вациялық даму бағдар­ламасы аясында құны   38 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жұ­мыс орнын ашу жоспарлануда.

Жолдауда мәдениет қызмет­керлерін қолдау шаралары да атап өтілді. Бұл, ең алдымен, кі­тапхана, музей, театр қызмет­керлеріне қатысты. Бүгінгі таң­да Шымкент қаласында ор­на­лас­қан мәдениет саласындағы 18 мек­е­меде 1 536 адам жұмыс­пен қам­тыл­ған. Мемлекет бас­шы­сы­ның тапсырмасына сай келер жы­лы мәдениет саласы қызмет­кер­ле­рі­нің жалақысы өсетін болады. Сон­дай-ақ микро және шағын биз­нес субъек­ті­леріне тексеріс жүргізуге үш жылға ты­йым салу туралы шешім күшіне енетін бо­лады. Демек, бұл Шым­кент қа­ласында жұмыс істеп тұр­ған 66 мың­нан астам кәсіп­кер­лік субъ­ек­тісіне үлкен қолдау болмақ.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы