Есмағамбетова коронавирусқа қарсы вакцинаны ең бірінші кімдерге егу керек екенін айтты
Есмағамбетова коронавирусқа қарсы вакцинаны ең бірінші кімдерге егу керек екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
«Бүгінгі таңда әлемде коронавирус инфекциясына қарсы 166 вакцина жобасы жасалды. Олардың көпшілігі клиникаға дейінгі тестілеу кезеңінде. Тестілеу ережесі бар – бұл үш кезеңнен өту және міндетті түрде тіркеу. Коронавирус инфекциясына қарсы 120 вакцинаның 17-сі адамдарға сыналып жатыр. Егер біз Ресей вакцинасы туралы айтатын болсақ, онда ол клиникалық сынақтың 2 кезеңінен өткен, Ресейде тіркелген. Ал Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі де қауіпсіз және тиімді вакцинаны күтіп отыр. Нарыққа қандай вакцина алғаш пайда болғанына байланысты біз де сол өндірушілермен елге жеткізу бойынша жұмыс істейтін боламыз. Біз бүкіл әлем вакцинаның шығарылуын және өндірілуін күтіп отырғанын түсінуіміз керек. Вакцина шыққан кезде кезек болуы да заңдылық. Вакцинаның әлемге бірдей мөлшерде таралуын қадағалау үшін GAVI альянсы құрылды», – дейді ол.
Бас санитар дәрігер вакцина егуде қай жастағы адамдарға басымдық берілетіні туралы айтты.
«Бүгінгі күні біз осы вакцинациялауға жататын топтармен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде қауіпті топтар бойынша жоспарлар бар, олар үшін коронавирус өте қауіпті. Олар – 60-65 жастан асқан белгілі бір созылмалы аурулары бар адамдар. Бұл топқа медицина қызметкерлері де жатады. Себебі, олар емделушілермен байланыста болады», – деді Айжан Есмағамбетова.