Демалыс күндері карантин шектеулері сақталады – Бас мемлекеттік санитар дәрігер
Демалыс күндері карантин шектеулері сақталады – Бас мемлекеттік санитар дәрігер
Фото: Интернеттен алынды
103
оқылды
Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
«Не себепті демалыс күндері локдаунды сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Коронавирустың таралуын тоқтату. Инфекцияның таралуында басты себебі, адамдардың топталып жиналуы. Демалыс күндері адамдар топталып жиналып, қонаққа барады, саяхатқа шығады», – деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, бұған дейін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіз және тиімді вакцинаны күтіп отырғанын айтқанын жазған болатынбыз.