Шымкентте қос өкпесі зақымданған 90 жастағы әже пневмониядан сауығып шықты
Шымкентте қос өкпесі зақымданған 90 жастағы әже пневмониядан сауығып шықты
Фото: Интернеттен алынды
109
оқылды
Тыныс алуы қиындаған әже алғашында инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін қос өкпесі 70% зақымданғаны анықталып, пневмония диагнозы қойылды. Жансақтау бөлімінде 3 күн емделген соң, «Мейірім» провизорлық орталығына өз қалауымен ауыстырылды. Түскен кездегі науқастың жағдайы ауыр болатын. Сатурациясы 75%-ға төмендеген. Дәрігерлердің емдеу хаттамасына сәйкес дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, дұрыс жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде, Күлсара Қарсыбаеваның денсаулығы 25 күнде жақсарды. Денсаулық жағдайының ауырлығына және қосымша созылмалы ауруларына (созылмалы холецистит, панкреатит, артериялық гипертензия) қарамастан, әже дертті жеңіп шықты. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты. Аурудан толықтай сауыққан әже бүгін үйіне оралды. Орталықтың бас дәрігері Әбдірахмет Ниязқұлов, бөлім меңгерушісі Лаура Ерімбетова мен дәрігерлерге алғысын айтты.