Күзде коронавирустан балалар өлуі мүмкін деген қауесет тарады
Күзде коронавирустан балалар өлуі мүмкін деген қауесет тарады
© сурет интернеттен алынды
169
оқылды
Күзде коронавирустан балалар өлуі мүмкін деген ақпарат жалған. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Әлеуметтік желіде тараған қауесетке қатысты журналистер сұрақ қойған болатын..
"Түнде тікұшақ ауаға белгісіз газ шашады. Сондықтан ұйықтар алдында үйдің терезесін жауып жату керек. Балаларды далаға шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қаладағы ауруханаларға балалар төсегі әкелініп жатыр десіп жатыр. Әлеуметтік желіде күзде коронавирустың екінші толқыны болады, вирус өршіген кезде балалар ауырып, өлуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет қаншалықты рас? Кейінгі кезде неге жиі айтылатын болып бара жатыр", - деді журналист.
Айжан Есмағамбетова бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Індеттің таралмауы үшін дезинфекциясы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен халықты шынайы ақпаратқа сенуге шақырамын. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алыңыздар", - деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.