14 тамыз күнгі сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 548 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 333,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 320,3 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 548 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
- 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
- 659,5 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
- 396,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 657,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
- 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.
- 34,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
- 246,3 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
- 1 млн 467,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).