Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Шәмші Қалдаяқовтың музейі ашылды

Айтулы оқиға сазгердің 90 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Рая Мінап
Тамыз 14, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Қазақстанда Шәмші Қалдаяқовтың музейі ашылды
197
қаралым

Қазақ вальсінің королі атанған даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың музейі өзінің туған жері – Отырар ауданында ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айтулы оқиға сазгердің 90 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Айта кету керек, осы күнге дейін не оңтүстік өңірінде, не республика аумағында Шәмші Қалдаяқовқа арналған бірде-бір музей болмаған.

«Көне кітаптың парақтарын ашуға бір ай кетеді» – Мәлік Отарбай

Ұлт тарихында аты қалған композитор

Ольга Шишигина құнды заттарын музейге тапсырады

«Бүгін – айтулы мереке. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Алайда, осы облысқа келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде оған арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті, бүкіл республикада «Қазақ вальсінің короліне» арналған бірде-бір музей жоқ. Аз уақыт ішінде кеткен кемшіліктің орнын толтыру үшін тапсырма беріп, демеушілер есебінен Шәмші музейінің ашылуын қолға алдық. Шәмші музейі – Жидебайдағы Абай музейі секілді жас композиторлар мен жас әншілер тәу ететін зиярат орнына айналуы тиіс», – деді нысанның салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Қазақстанда Шәмші Қалдаяқовтың музейі ашылды

Атап өтейік, бұл нысан Шәмшінің көзін көрген, оның өміріне қанық азаматтар естелігін есепке ала отырып салынды.

Музей ішінде Ұлы композитордың өзі қолданған бұйымдары, саз шығаруға сеп болған мандолинасы секілді құнды жәдігерлер бар. ҚР Ұлттық музейі Шәмшінің жаңадан ашылған музейіне композитордың бас киімін әкеліп тарту етті.

Шәмші мұрағатын күтіп-баптау үшін мекеме облыстық музейдің филиалы ретінде ашылып, арнайы штат санымен мамандары жұмыс істейтін болады. Келген туристер мен қонақтарға барлық жағдай жасалады.

Қазақстанда Шәмші Қалдаяқовтың музейі ашылды

Өскелең ұрпаққа Шәмшіні насихаттау жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Ең алдымен, облыс орталығындағы жаңа музыка мектебіне Шәмші Қалдаяқов есімі берілсе, музыка мектебінің алдында еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы көшелердің бірі сазгер есімімен аталады.

 
Тегтер: КомпозитормузейШәмші Қалдаяқов
Алдыңғы жаңалық

Air Astana ұшақ ішінде бетперде тақпағандарды құқық қорғау органдарына тапсырады

Келесі жаңалық

Праймериз: ШҚО-да интернеті жоқ учаскелерде дауыс беру дәстүрлі тәсілмен өтеді

Ұқсас жаңалықтар

карантин
Жаңалықтар

Карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 16, 2021
директор
Жаңалықтар

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Қаңтар 16, 2021
Ауыл
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 2021
Ордабасы
Жаңалықтар

«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанеллоның  ұлы қазақша сөйледі – видео

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 16, 14:46

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Қаңтар 16, 14:25

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 13:42

«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанеллоның  ұлы қазақша сөйледі – видео

Қаңтар 16, 13:05

Ұлттар кубогінде Қазақстанның 2 боксшы қызы алтын алды

Қаңтар 16, 12:36

Егде жастағы футболшылардың сыры

Қаңтар 16, 12:30

Қатты жел әбігерге түсірді

Қаңтар 16, 12:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

карантин

Карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 16, 2021
директор

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»