Адамзатты коронавирустан аман сақтап қалу үшін 100 млрд доллар қажет
Адамзатты коронавирустан аман сақтап қалу үшін 100 млрд доллар қажет
© сурет интернеттен алынды
Күллі әлем елдері COVID-19-бен күреске бар күш-жігерін салып жатыр. Адамзатты бұл індеттен аман сақтап қалу үшін әлі кемінде 100 млрд доллар қажет. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисус айтты, - деп хабарлады 24.kz. Себебі пандемиямен күрес әлі алда және бұл айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. Осы ұйымның мәліметінше, әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 20 млн жуықтады. Ал індеттен қайтыс болғандар саны 750 мыңға жетіп жығылады.