Алматыда соңғы 15 күнде короеавирус жұқтырғандардың қатары 7 есе төмендеген. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімеді. Камалжан Надыровтың айтуынша, қалалық аурухана мен емхананың көмегіне жүгінгендер де әдеттегіден аз. Екі аптаның орайында 36 процентке кеміген. Дегенмен мамандар әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Өйткені індет кез келген сәтте қайта өршуі мүмкін. Сондықтан ауру көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, емханалардың жұмысы мобильді бригадалармен күшейтілген. Олардың саны 5 есе артты.
"Жағдайдың тұрақтылығына және сырқаттанудың өсу қарқынының төмендігіне қарамастан, жұмыс қызу жүріп жатыр. Бүгінде қол жеткізілген оң нәтижелер бізге бизнес пен халыққа берілетін еркіндік туралы айтуға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, егер халық коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу сынды стандартты әдістерін елемесе, індет қайтадан өршуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", - дейді ол.