Әйелдің айтуынша, ер адам балаларға сусын алып беріп, аяғына отырғызып, сипалай бастаған. Осы жайында айтылған видео да әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.
"08.08.2020 жылы сағат 18.00-де, 18-19.00 ортасында бір бөтен ер кісі келіп, менің қызым мен көршілердің қызына бір сағаттай жүріп, салманың жанынан шығып, киімдерін тізесіне дейін шешіп, қызыма қарап, уқалап тұрған. Сосын қызым үйге жүгіріп жылап келген соң сыртқа шығып, 102-ге звондадым", - деді әйел.Шымкент Полиция департаментіндегілер бұл факт бойынша ҚК 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ әйел Полиция департаментіне өзін видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген жігіттерді жауапқа тартуын сұрап, шағымданған.