Жер үйді жөндеу барысында ер адамның мәйіті табылды
Жер үйді жөндеу барысында ер адамның мәйіті табылды
©Сурет интернеттен алынды
138
оқылды
Бұл жайында Lad Bible жариялады. Олардың айтуынша, мәйіт жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйдің жертөлесінен табылған. Париждегі сарай  Франция премьер-министрінің ресми резиденциясынан бірнеше минуттық жерде орналасқан. Бұ ғимаратты инвестициялық банкир қаңтар айында 35 миллион еуроға (13,3 миллиард теңгеге) сатып алды.
Сарайдың ескі болғандықтан тозып кеткен. Оның бау-бақшасы өсіп, қоршауы қирап, үйдің жақтауы құлап жатқан. Мұны көрген банкир бөгелместен жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Бірде жұмысшылар жертөленің бірінен қоқыс пен тақтайларды шығарып жүріп, мәйіт тауып алады. 
Кейін полиция мәйітті тексере келе, оның пышақталып, сүйегінің сынғанын анықтады. Қызығы, мәйітпен бірге құжаттары да бар болып шықты. Есімі – Жан-Пьер Рено, тұрақты мекені жоқ қаңғыбастың бірі екен.  Ер адам шамамен осыдан 30 жыл бұрын қайтыс болыпты.
– Біреу-біреумен төбелесіп қалды ма, әлде сарайда қаза болды ма не болмаса сол жерге жеткізілді ме, білмейміз. Тіпті бұған кім жауапты екенін де ешқашан біле алмаймыз. Оны өлтірген адамның өзі де өмірден өтіп кеткен болар, – дейді полиция өкілі Le Monde газетіне берген сұхбатында.  
Марқұмның мәйіті табылғаны жайында балаларына хабарланды. Ал сарайдың қалпына келтіру жұмыстары күзде қайта жалғасады.