Зимбабвенің экс-басшысы өмірден озды. Жауынгер әлде диктатор?
Зимбабвенің экс-басшысы өмірден озды. Жауынгер әлде диктатор?
108
оқылды

Зимбабвенің экс президенті Роберт Мугабе 96 жасында өмірден озды. Бұл хабарды мемлекеттің қазіргі басшысы Эммерсон Мнангагва өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Мугабе өмірінің соңғы кезеңдерін Сингапурдағы емханалардың бірінде өткізді. Экс-президент Зимбабвені қатарынан 30 жыл басқарды (1987-2017 жж).

Биліктегі мансабын Мугабе 1980 жылы елдің премьер-министрі болудан бастаған. Ол елді отарлауға қарсы шыққан. Шамамен 10 жыл абақтыда отырғып, еркіндікке қауышқаннан кейін Мозамбикке жер суытады. Онда Ян Смиттің үкіметімен қару-жарақ қақтығысын басқармақ болады.

Президентік қызметін бастаған жылдары Зимбабве Африканы қамтамасыз етіп отырған басты мемлекеттің бірі болып қала береді. Бала өлімі азаяды. Сол жылдары Зимбабведе үздік білім жүйесі енгізіледі. Мемлекет сауатыздықты жоюдан көш бастап, көршілес ОАР-ды да басып озады.

Алайда Мугабе оппозицияға қарсы қатыгез репрессия жүргізіп, оның салдарынан 20 мың бейбіт тұрғын қаза табады.

2000 жылдардың басында Мугабе жер реформасын қолға алады. Сол тұста құнарлы жер аумақтарының 70% төрт мыңға жуық ақ фермерлерге тиесілі болатын. Фермерлерден жер тартып алынады. Бірнеше айға созылған шектеу шаралары ұрлық-қарлық пен ақ фермерлерді өлтіру салдарына соқтырды. Олардың басым көбі елден қашады.

Зимбабвенің азық-түлік әл-ауқаты осы себепті бұзылады. Дүнежүзілік банктен несие алу үшін мемлекет қатал экономика қағидатын енгізеді. Euronews ақпары бойынша, Мугабенің енгізген реформалары Зимбабве халқының кедейленуіне тікелей түрткі болды. Бірақ сол тұстағы президент өз саясатын жалғастыра беруге ниет танытады.

Оппозиция жауапқа тартылады. Оның лидері болған Морган Тсвангираи бірнеше рет қамалады. Осылайша 2008 жылы өткен президент сайлауында Мугабе қайтадан жеңіске жетеді. Ал оппозиция өкілі болған Тсвангираи қысым көргендіктен, сайлауға қатысудан бас тартып, премьер-министр лауазымына келіседі.

Өмірінің соңында Мугабе Еуропа көзімен қарағанда «нағыз диктаторға» айналады. Ұлыбритания оны «Рыцарлық» атағынан айырады. Бұл атақ Мугабеге 1994 жылы берілген еді.

2017 жылы ол отставкаға кетеді. «Зимбабвелік африкалық ұлттық одақ – патриоттық жасақ» басқарушы партиясының басқарамасы және әскерилердің қысымымен Мугабе биліктен шеттетілген еді.

Дегенмен, көптеген африкалық үшін Робер Мугабе бұрынғы державалардың отарлау саясатына қарсы тұрған ер ретінде есте қалды.


Дереккөз: Euronews