Өлім-жітім көп болған аймақтардың басында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Бұл өңірде 6 859 адам тіркелген екен. Екінші орында – Алматы қаласы. Онда 6 771 адам, ал Қарағанды облысында 6 475 адам тіркеліпті. Өлім саны аз аймақтың бірі – Маңғыстау облысы. Өңірде 1 531 адам қайтыс болған. Олардың көпшілігі қанайналым жүйесі ауруларынан, гипертониядан, жүректің ишемиялық ауруынан, стенокардия мен жедел миокард инфаркінен тіркелген. Одан бөлек, мидың тамырлы зақымдануынан 5 607 адам, ісіктен 7 441, қатерлі ісіктен 7 257 адам тіркеліпті. Сондай-ақ жазатайым оқиғалардан, улану мен түрлі жарақаттанудан, тыныс алу органдары ауруларынан да тіркелгендер бар.
Айым БЕК