Өнерде жүрген спортшы
Өнерде жүрген спортшы
241
оқылды

Бекжан Керімбаев – жас актер, ата-анасының жолын таңдаған. Бала кезінде спортпен айналысқан бала, оқу бітірген соң Жастар театрына келген. Бүгінде У.Шекспирдің «Асауға тұсау», Н.Гогольдің «Ревизор», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы мен Баян» спектакльдерінде ойнап, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген жас актердің бірі.


         – Спортпен айналысып жүріп, өнерге кетіп қалғаныңызға өкінбейсіз бе?

         Расымен, мектеп жасында бес-алты жылдай греко-рим күресімен айналыстым. Ол кезде өнер жолын таңдймын деген ой да болған жоқ. Уақыт өте келе денсаулығыма байланысты спортты тастадым. Міне, осы кезден бастап өнерге келуім басталды. Онда да ол аяқасты болды. 10-сыныпта жүргенде «Жігіт сұлтаны» өтетін болған. Соған сыныптастарым мені қинап қатыстырған. Сөйтіп, сахнада «Асыл әжем» әнін орындап, 1-орын алдым. Шапан киіп, қуанып қалғаным бар.

         Сахнаның құдыреті ғой, сол қошемет мені толығымен баурап алды. бар» демекші, сахнаға шыққан сайын көрерменнің қошеметіне бөленіп, театр сахнасы мені баурап алды деуге болады. Мектеп бітіре салып, Тараздағы көпсалалы колледжіне барып, актерлікке тапсырдым. Оның үстіне, өнерге отбасымызбен жақын едік.

         Бастапқыда театр актеры емес, эстрада әншісі болғыңыз келіпті ғой?

         Колледжді бітірген соң, режиссер Қуандық Қасымов: «Сен болашағы бар баласың, академияға түс» деп қоймады. Сөйтіп, 2006 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына тапсырдым. Өзім әнге жақын болған соң, эстраданы қаладым. Өкінішке қарай, ол жақта музыка теориясын жақсы білу керек екен. Ал Таразда ондай білім алғаным жоқ.

         Содан «ән айтып қана қоймай, актерлікті де шыңдаймын» деп музыкалық драманы таңдадым. Артынан сахна тіліне барғанымда Әділбай Мұрат ағамызды көрдім. Әнімді айтып, бір өлең оқып бергенім сол еді. Мұрат аға «болды, өттің!» деді. Сөйтіп, жолдамамен академияға келіп, Нұрғанат ағайдан тәлім алдым. Бүгінде ол өмірде де, өнерде де бізге әкеміздей болып кетті. Оқу бітіре сала, жұмысқа алып, қанат қақтырғанда осы жан.




Бекжанның өмірлік ұстанымы

          Өзіңіз сомдаған кейіпкерлердің ішінде үлгі тұтарлық кейіпкер болды ма?

         Жастар театрына келгенде «Ақыл патшалығы», «Үй таңдаған лақ», «Ұр тоқпақ!» сияқты спектакльді ертегілерден ойнап бастадық. Өзім ертегіде ойнағанды жақсы көремін. Өйткені баланы алдау қиын. Ол – сенеді, бәрін жан-тәнімен қабылдайды, шынайы күледі. Сол себепті де рөлге жаныңды салып ойнау қажет. Ал «Қыз Жібек» мюзиклінде Бекежанның, «Вестсайд оқиғасындағы» Тонидің рөлдері табиғатыма жақын. Оған қоса, мюзикл жанрында ән айтасың, спектакль ойнайсың, актерлік шеберлікті шыңдай түседі.

         – Әр адамның ұстанатын ұстанымы, өмсірлік қағидасы болады ғой. Сіздің өмірдегі ұстанымыз қандай?

         – Бұл өмірге адам болып келген соң,

         Адамды адам дос пен қасқа бөлмесін,

         Тірідей жер бетіне сыймаған,

         Бір метрге сыйып кетер өлген соң, демекші өмірде қандай жағдай болса да, адам болып қалу керек.

         – Әңгімеңізге рақмет!

 



Сұхбаттасқан Аружан Құжасарина