Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеуден өтті
Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеуден өтті
фото: ашық дереккөз
201
оқылды
Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) Мексикадағы титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz. 15 тамызда Гвадалахарда ол жергілікті боксшы Хуан Карлос Райгоспен (16-15-3, 6 КО) орта салмақта WBC International нұсқасы бойынша чемпиондық титул үшін айқасады. Бұл жекпе-жек алматы уақыты бойынша Қазақстанда 16 тамыз күні таңертең болады. Елеусінов өзінің Instagram парақшасында салмақ өлшеу рәсімі сәтті өткенін жазып, бірнеше суреттерін жариялады.