Ұлттық кеңестен не күтеміз?
Ұлттық кеңестен не күтеміз?
157
оқылды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннің қатысуымен брифинг өтті. Кеңесші Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысы туралы мәлімдеме жасады. Кеңесте қоғам белсенділері тарапынан айтылған ұсыныстар құжат түрінде жинақталатынын айтты.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен 40-тан астам қоғам белсендісі қатысты. Осыған дейін, 27 тамыз күні кеңестің дайындық отырысы өтті. Онда саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңғырту мәселесі бойынша 3 жұмыс то­бын құру туралы шешім шықты. Брифингте Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құры­лымын атады.

– Ұлттық кеңестің алғашқы ресми отырысы өтті. Ең алды­мен, Ұлттық кеңес өткізу жайын Қасым-Жомарт Кемелұлы мамыр айындағы сайлауалды бағдарламасында айтты. Кеңес билік пен қоғамның саяси диа­лог алаңына айналу керегін айтқ­ан еді. 12 маусымда Ұлттық кеңес құруға Жарлық берді. Жар­лық бойынша 1 ай ішінде Пре­зидент Әкімшілігіне Аза­мат­тық қоғам өкілдерімен, сая­си партиялардың және қоғам­дық ұйым өкілдерімен консуль­тация өткізу бойынша тапсырма берді. Тапсырмаға сәйкес, 1 ай бойы, маусым-шілде айында тиіс­ті ақыл-кеңес кездесулері өт­кізіліп, соның негізінде Ұлт­тық кеңестің алғашқы құрамы анықталды, – деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, үш топ өзара келісіп, көтеретін мәселені анықтайды. Әр топтан 2 спикер шығып, атқарылған жұ­мыс нәтижесін жариялайды. Үш топ әр ұсыныс бойынша түр­лі талқылау ұйымдастыра­ды. Осыған сай ұсыныстың орын­далу барысын бақылайды.

Ұлттық кеңестің берері мол. Өйткені кеңес әр сала бойынша ашық пікірталас алаңына ай­налды. Қоғам белсенділері ұсы­ныс білдіріп, мәселелер қара­латыны айтылды.

«Бүгін көтерілген ұсыныстар қоғам дамуының барлық сала­сын қамтиды. Саяси, экономи­калық даму бағыты бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Әртүрлі пікір айтылды. Менің­ше, кеңес бүгін ашық пікірталас алаңы ретінде өзін анық көрсете білді. Бүгінгі жиын барысында кеңес мүшелері ең маңызды мәселелер бойынша пікірлері­мен бөлісті», – деді Ұлттық қо­ғам­дық сенім кеңесінің хат­шы­сы.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ