Қарсыластар белгілі, қауқарымыз жете ме?
Қарсыластар белгілі, қауқарымыз жете ме?
© коллаж: Еркебұлан Дүйсеболатов
Бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» командасы «Динамо Брест» коман­дасымен кездеседі. 18-тамыз күні өтетін ойынның әзірге қай қалада өтетіні белгісіз. Сондай-ақ бұл кезеңде қарымта кездесу болмайды. Егер «Астана» екінші кезеңге өтсе «Коннас-Ки» (Уэльс) / «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен жолыға­ды. Ал екінші іріктеу кезеңі 25-26 -тамыз күндері өтеді. Барлық футбол мамандары «Астана» командасының келесі ай­налымға өтетініне сеніммен қарап отыр. Алайда қазақстандық коман­даның 5 ай бойы ресми ойын өт­кізбегенін ескерсек, бұл матчта ішкі чемпионаттарында 19 ойын өткізген «Динамо Бресттің» де жеңістен үміті зор. Оның үстіне, команда құрамы да тәжірибелі ойыншылармен жасақталған. Бі­рақ елордалық клубтың еу­ро­кубоктық ойындардағы мол тәжірибесі «Астана» ко­мандасына сәттілік сыйлайды деген үміттеміз. Не де болса, бұл матч тартысқа толы болғалы тұр. Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде еліміздің аты­нан сынға түсетін қос коман­дамыздың да қарсыластары бел­гілі. Алматылық «Қай­рат» ар­мениялық «Ноа» командасы­мен, ал шымкенттік  «Ор­да­басы» румыниялық «Бото­шани» клубы­мен кездеседі. Бір жақсысы, алғашқы айналымда бақ сынайтын командаларымыз өз алаңында ойнайды. Кез­десулер 27-тамызда өтеді деп жос­парланған. Ал қызылор­далық «Қайсар» коман­дасы еурокубоктық бәсекедегі жо­лын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. fydbol3 Айтпақшы, биыл  еуро­кубок­тық іріктеу ойындары әлемдік пандемияға бай­ланысты тек бір  кездесуден  тұрады . Тек плей-офф ке­зеңінде командалар екі ойын қорытындысы бойынша топтық кезеңге жолдама алады. Енді Еуропа лигасының топ­тық кезеңі үшін таласқа түсетін екі командамыз  ту­ралы, олардың қарсыластарына да аз-кем тоқтала ке­тейік. Ел чемпионатында тәуір өн­ер көрсеткенімен, шымкенттік клуб­тың Еуропа лигасында жолы болмай жүр. Соңғы 5 жыл­да 4 рет бұл доданың ірік­теу ойын­дарына қатысты. Өкін­іштісі, «Ордабасы» екін­ші кезеңнен әрі асып көрген жоқ. Өткен жылы грузиялық «Торпедоны» жеңіп келесі айналымға өткен. Алайда екінші кезең­де чехиялық «Мла­да-Бо­леславтың» мерейі үстем болды.  

Алматылық «Қай­рат» ар­мениялық «Ноа» ко­мандасымен, ал шымкенттік «Ор­да­басы» румыния­лық «Бото­шани» клубы­мен кездеседі. Бір жақсысы, алғашқы айналымда бақ сынайтын командаларымыз өз алаңында ойнайды.

  «Ордабасының» қарсыласы «Ботошани» командасының Еурокубоктардағы тәжірибесі аса бай емес. Бұған дейін бір мәрте ғана Еуропа лигасының іріктеуіне қа­тыс­қан команданы жеңуге мүмкіндігіміз жоғары. Оның үстіне, өз алаңымызда ойнаймыз. – Қағаз жүзінде «Ордабасы» – «Ботошани» жұбының фаво­риті қазақстандық команда. Әсіресе ойыншылардың транс­ферлік бағасы тұрғысынан шымкенттіктер алда тұр. «Бо­тошани» ойын­шыларының трансфер нары­ғындағы жалпы бағасы 9,5 млн еуро болса, «Ордабасы» ойын­­шыларыныкі – 12,4 млн еуро. Шымкенттіктер Еуропа лигасының іріктеуіне алтыншы рет қатысқалы отыр. Бірақ іс жүзінде «Ордабасыны» бұл жұптың фавориті деп айту қиын. Кахабер Цхададзе шә­кірттері 2019 жылдың қараша айынан бері төрт-ақ ресми кездесу өткізді. Оның өзінде бір рет қана жеңіске жетті. Премьер лигада «Тараз» бен «Шахтерден» жеңілді. «Шахтермен» өткен ойыннан бері де бір жарым айға жуық уақыт өтті. Чемпионаттың қашан басталатыны әлі анық емес. Оның үстіне, команданың шабуыл шебі ақсап тұр. Алдыңғы шепте бірнеше мықты легионер болғанымен, топырлатып гол соғатын шабуылшы табылмай тұр. Демек ойын тәжірибесі жоқ, шабуылшылары гол соғу­ға қырсыздау «Ордабасы» үшін «Ботошани» үлкен сынақ болайын деп тұр, – дейді спорт сарапшысы Қуанышхан Өмірхан. Ал Prosport.kz сайтының журналисі Фараби Әбдіхалық «Қайраттың» қарсыласы ар­мениялық «Ноа» командасының мықты тұсын айтып өтті. Ол сондай-ақ әңгіме арасында Шпи­левский шәкірттерінің Еуропа лигасының топтық кезеңде ой­науға қарым-қа­білеттері жететінін тілге тиек ет­ті. fydbol4 – Футбол сахнасына шық­қанына 3 жыл ғана өтсе де, «Ноа» екі мәрте кубок еншілеп үлгерді. Екі күн бұрын Суперкубокты жеңіп алғаны, әрине, қазақ­стандық жанкүйерлер үшін аз да болса қорқыныш туғыз­атыны жасырын емес. Армения­лық ко­манда қа­зіргі таң­да бабында екені сөзсіз. Оның үстіне, «Қайратпен» кездеспес бұрын «Ноа» ел бірін­шілігінде екі ойын өткізеді. Ал еліміздегі эпидемиялық жағ­дайға бай­ланысты біздің ком­андалар мәжбүрлі демалыста. Әйт­кенмен, матч Алматыда өтетін болғандықтан, «Қайрат» қан­дай жағдайда болмасын, ар­мениялық клубты артта қал­дырып, келесі кезең жол­дамасын қанжығаға байлауға тиіс, – дей­ді Фараби. «Қайрат» командасының бас бапкері Шпилевский жур­налистерге: «Карантинге бай­ланысты ұзақ уақыт ресми ойын­дар ойналмады. Бірақ ко­мандалар бір-бірімен жол­дастық кездесулер өткізді. Менің командамдағы фут­болшылардың көңіл күйлері өте жоғары. Олар ойынның тезірек басталғанын күтіп жүр» деп сұхбат беріпті. Біз де елімізде футбол маусымының тезірек жалғасқанын тағатсыздана кү­тіп жүрміз. Еуро­кубоктық ойындардың іріктеу матчтары да әне-міне дегенше басталады. Командаларымыздың қауқары қай шамаға дейін жетер екен? Бәрінен де жанкүйерлерге сол қызық. Алғашқы іріктеу ке­зеңдерінде сүрініп масқара бол­масақ жарар. Қалғанын уақыты келгенде көрерміз.  

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ