Әсем Рахметова жаңа қызметке тағайындалды
Әсем Рахметова жаңа қызметке тағайындалды
267
оқылды

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Әсем Рахметова тағайындалды.

Әcем Рахметова 2009-2016 жылдар аралығында бір­­қатар жергілікті атқарушы ор­гандарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқар­масының бас­тығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы қыз­меттерін атқарды. Сон­дай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ-да тележүргізуші, редактор, аға редактор, «Қы­зыл­жар-Ақ­парат» медиахол­дингінің шеф-редакторы, қалалық теле­арнаның ре­дак­­торы болды. Үш жыл ҚР ҰҚК Шекара қызметінде келісім­шарт бойынша қызмет етті.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың пар­тияның жұмысын жандан­ды­ру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәй­­кес, бұған дейін Ерлан Ка­­налимов Нұр-Сұлтан қала­­­сын­­дағы партия фи­лиа­­­лы төра­ға­сының бірін­­ші орын­басары бо­лып тағайындалған бола­тын. Сондай-ақ Батыс Қа­­зақ­­стан және Павлодар об­лыс­та­рын­дағы филиал төрағасының бі­рін­ші орын­басарлары да ауысты.