Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Әсем Рахметова тағайындалды.
Әcем Рахметова 2009-2016 жылдар аралығында бірқатар жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ-да тележүргізуші, редактор, аға редактор, «Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингінің шеф-редакторы, қалалық телеарнаның редакторы болды. Үш жыл ҚР ҰҚК Шекара қызметінде келісімшарт бойынша қызмет етті.
Айта кетейік, Nur Otan партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұған дейін Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы филиал төрағасының бірінші орынбасарлары да ауысты.