«Ән ағаның» мерейтойы: Қазақ радиосының әуе толқынынан күні бойы Шәмші әндері беріледі
«Ән ағаның» мерейтойы: Қазақ радиосының әуе толқынынан күні бойы Шәмші әндері беріледі
©Қазақ радиосы
426
оқылды
Қазақ радиосының әуе толқынынан күні бойы Шәмші әндері беріледі. Бұл туралы Қазақ радиолары ЖШС Бас редакторы –"Қазақ радиосы" радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев айтты. «Бүгін қазақ ән өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына — 90 жыл. Тоқсан жылдық торқалы тойдың тартуына бүгін күні бойы Қазақ радиосының әуе толқынынан "Ән ағаның" әуезді әндері шарықтайтын болады. Композитор рухына тағзым ретінде таңнан кешке дейін тек Шәмші туындылары әр кезеңдегі әншілерінің орындауында беріледі», деп жазды Қазақ радиосының басшысы facebook-тегі парақшасында. Композитордың Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған өз дауысын ең құнды жәдігер деуге болады. Тыңдармандар Шәмшінің  соңғы сұхбатын, әріптесі Әбілахат Еспаев жөніндегі жүрекжарды ыстық ықыласын тыңдауға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге Шәмші Қалдаяқов жайлы арнайы хабарлар да эфирге шықпақ. Шәмші Қалдаяқов шығармашылық жолында 300-ге жуық ән жазған екен. «Арыс жағасында», «Теріскей», «Ана туралы жыр», «Мойынқұмда ауылым», «Сағынышым менің», «Тамды аруы», «Қайықта», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Дүнген қызы», «Жақсыгүл», «Әнім сен едің» және тағы басқа әндері қалың қазақтың жоғары бағасына ие болып, жүрек түкпірінен орын алды. Оның өз қолымен түсірген ноталық партитуралары да Қазақ радиосының «Алтын қорында» осы күнге дейін сақтаулы көрінеді. "Қазақ вальсінің королі" 40 жылдан астам шығармашылық жолында жүздеген музыкалық туынды жазған. Оның өз қолымен түсірген ноталық партитуралары Қазақ радиосының «Алтын қорында» әлі күнге дейін сақталған. Алғаш рет "Ақмаңдайлым" әні радионың үнтаспасына 1959 жылы жазып алынған екен», делінген жазбада. Еске салайық, бүгін композтордың туған күні. Биыл оның 90 жылдық мерейтойы республикалық маңызы бар мерейтойлар тізіміне енген.   https://www.facebook.com/dulat.kaztrk/videos/1564596877058024/