Карантин  жеңілдегенімен сақтық шараларын ұмытпаған жөн - Ибрагим Ескендір
Карантин  жеңілдегенімен сақтық шараларын ұмытпаған жөн - Ибрагим Ескендір
фото: ашық дереккөз
5,172
оқылды
Белгілі әнші Ибрагим Ескендір карантинді жеңілдетуге байланысты өз пікірімен бөлісті. Ол карантин талаптарының жеңілдетілуін құптайды. Себебі көптеген азаматтардың жұмыс істеп, қаржы табуына, сонымен бірге тоқырап бара жатқан шағын бизнестің жандануына оң әсерін тигізеді деген ойда.  Алайда сақтық шараларын сақтау басты міндет болуы тиіс. «Карантин шараларының жеңілдетілгені дұрыс деп ойлаймын. Өйткені  халықпен тығыз жұмыс істеп жатқан жауапты органдар, медицина өкілдері бұл мәселені үлкен елеп-екшеп барып үлкен жауапкершілікпен  қабылдады деп ойлаймыз. Алайда сақтық шараларын ұмытпағанымыз жөн. Өйткені бұл індеттің аяқ астынан өршіп кететінін көзімізбен көрдік. Өкінішке орай қаншама жақындарымыздан, асылдарымыздан айырылдық. Дегенмен де осы қиын қыстау сәтте елдің жанынан табылып, барымен бөлісіп, рухан, әлеуметтік жағынан түрлі шаралар ұйымдастырған азаматтар елмен бірге екенін көрсетті»,- деді әнші. Сондай-ақ ол осындай игі істер өз жалғасын табуы қажеттігін айтып, халқымыз бұл қиын кезеңді де еңсеретініне сенім білдірді. «Қауіпті індеке қатысты  түрлі пікірлер бар. Қалай болғандада біз осы індеттен толық айығуымыз үшін сақтық шараларын ұмытпауымыз керек деп ойлаймын. Еліміз баяғы мамыражай күнімізге қайта ораламыз деп сенемін», -деді Ибрагим Ескендір.