Чемпиондар лигасында "Бавария" "Барселонаға" 8 гол соқты
Чемпиондар лигасында "Бавария" "Барселонаға" 8 гол соқты
© Reuters
168
оқылды
14 тамыз күні кешке Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" клубы "Барселонаны" 2:8 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ойын Лиссабондағы "Эштадиу да Луш" стадионында өтті. Неміс командасының құрамынан Томас Мюллер (4 және 31-минутта), Иван Перишич (21), Серж Гнабри (27), Йозуа Киммих (63), Роберт Левандовский (82) және Филипе Коутиньо (85, 88-минутта) гол салды. Ал испаниялықтардың ішінде Давид Алаба ( ойынның 7-минутында автогол) және Луис Суарес (57) гол соқты. Чемпиондар лигасының осы кезеңінде әлі күнге дейін ешбір команда сегіз гол соққан емес. "Бавария" плеф-офф матчында осынша гол салған бірінші команда болып тарихта қалды. Енді жартылай финалда "Баварияның" қарсыласы "Манчестер Сити" - "Лион" ойынының жеңімпазы болмақ. Бұл командалар 15 тамызда ойнайды.