Еліміздің мәдени қауымдастығы көрнекті композитор, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуын атап өтуде. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры «вальс королінің» шығармашылығын бағалаушыларға мерейтойлық күнге арналған «Құшақ жайған қандай адам» концерттік бағдарламасын ұсынады.
15 тамыз күні сағат 19.00-де композитордың туған күніне орай «Abay Theatre» театрының ресми YouTube аккаунтында көрермендер операның жетекші солистерінің орындауындағы ең танымал және сүйікті әндерімен кездесіп, олармен бірге ән айта алады.
Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығында 50-ден астам ән бар және әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың ішіндегі ең танымалдары – «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің», «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақмаңдайлым», «Қыз сағыныш», «Тамды аруы» онлайн эфирде орындалады. Дала аңыздарының вальс мотивтері мен интонацияларының үйлесімі бұрыннан бері миллиондаған тыңдаушылардың сүйіспеншілігін оятуға мүмкіндік беретін әндерді қабылдау жеңілдігін қалыптастырды.
Концерттің режиссері және көркемдік жетекшісі Абай атындағы МАОБТ дирижері, Шәмші Қалдаяқовтың ұлы – Мұхтар Қалдаяқов.
[caption id="attachment_65003" align="alignnone" width="1200"]