Біреуге алақан жаятын қоғам емес
Біреуге алақан жаятын қоғам емес
168
оқылды

«Ерінбей еңбек еткеннің» қарны тоярын хакім Абайдан асырып айта алмаспыз, сірә! Бүгінгі күн кешеден бөлек. Десек те, «екі қолға бір күрек» табылатынын еңбек еткен әрбір адам жақсы біледі. Ал мал қарағанға бітеді. Қолыңа күрек ал да – еңбек ет. Еңбекпен мал жи.

Елбасы қашанда ел әлеуе­тін арттыру мақсатына ар­нал­ған жобаларды, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту мә­селесін назарынан тыс қал­дырған емес. Бұл мәселені іске асыруға байланысты жиі тапсырмалар да берілді. Кә­сібін кеңейткісі келген кә­сіп­керді қолдайтын бірнеше бағ­дарлама да бар. Бүгінде осы бағдарламалар арқылы кә­сібін дөңгелетіп әкеткендер де жетерлік. Соның бірі – Жам­­был облысы Жамбыл ау­­­­данының тұрғыны Айжан Оң­­ласынова. Ол Ауыл шаруа­­­шылығын қаржылай қол­дау қорының Жамбыл облысындағы филиалынан қой шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 12 млн теңге несиеге қол жеткізді. «Айжан» шаруа қо­жалығы несиеге 360 бас сау­лық қой, 12 бас қошқар са­тып алған. Несие 7 жылға 6 пайыз­бен берілді. Ата кәсіптің жө­нін білетін қожалық басшысы Айжан Оңласынова алдағы уақытта қойын қоздатып, қорасын малға толтыра түс­пек. Жоспарлары да үлкен.

Айта кетейік, «Сыбаға» бағ­дарламасының басты мақ­саты – ет экспортының әлеуе­тін арттыру. Сол үшін шаруаларға барынша жеңіл­діктер қарастырылады. Ауыл шаруашылығын қар­жы­лай қолдау қоры «Сыбаға» бағ­дарламасы бойынша ұсақ мал ба­сын көбейтуге несие береді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті да­мыту мемлекеттік бағ­дар­­ламасы аясында қой шаруа­шылығына 12 миллион тең­ге­ге дейінгі несие 7 жылға 6 про­центпен беріледі. 2 жыл­ға дейінгі жеңілдік мерзімі қа­рас­тырылған. Яғни, осы ара­лықта шаруа негізгі борыш пен үстемені төлемейді.

Бұрыннан екі-үш төлін кө­бейтуге күш жұмсаған ха­лық бүгінде бірте-бірте кә­сіпкерлік саласына бет бұрып, атадан қалған мұраны одан ары жетілдіріп, оны табыс, кә­сіп көзіне айналдыра бас­та­ғаны рас. Ауыл әкімдігі мен кәсіпкерлік палатасының кеңестеріне, осы бағыттағы түр­лі мемлекеттік бағдарла­ма­ға жүгінген шаруа иелері мал басын көбейтуге айтар­лық­тай машықтануда. Кейіп­керіміз Айжан осыдан үш жыл бұрын мал бағуды қолға алып, отбасылық қиындығын еңсерген. Бүгінде берекесі та­сыған әулеттің түтіні түзу ұшып, маңдай термен жұмыс күшін жеңілдету үстінде.

«Орайы келсе, орақ ор» деп халқымыз бекер айтпаса ке­рек. Біз де өз шаруа қожа­лы­ғымызды құрып, мал шаруа­шылығымен айналыса бас­тадық. Содан бері осы кәсіпті да­мытып, соның несібесін кө­ріп отырған жайымыз бар. Құ­дайға шүкір, дербестіктің көк туы желбірегелі бері елі­міз жыл санап өсіп-өркен­деп, олқылықтардың орнын ар­тығымен толтырып жа­тыр. Тек біз ғана емес, алғаш­қы жылдары тоқырауға ұшы­ра­ған жергілікті шаруа қо­жа­лықтары бүгінде біраз қор жинап, тындырымды тір­лік­тер атқарып, еңселерін тіктей түсті. Біз де малымыздың са­нын өсіріп, жұмысымызды арт­тырып, табысымызды есе­леп отырмыз», – дейді Айжан Оңласынова.

Кез келген кәсіпті аяғынан тік тұрғызу оңай шаруа емес. Айжан да бизнесі тәй-тәй ба­са бастаған кезде біршама қиын­дыққа тап болды. Бар жиған-тергенін осы кәсіпті ашуға жібереді. Алғашында азға қанағат етіп, бар күш-жі­герін осы кәсібін дөңгелетіп әке­туге жұмсайды. Ал қазір қажырлы еңбектің арқасында кәсіпкерлер сапына қосылып, еңбегінің жемісін көріп отыр­ған жайы бар.

«Мал – баққанға бітеді» дей­ді. Қазір қолда бар малын бағып отыр. Алған қаржысын жеті жылда толық өтейтініне олар кәміл сенімді. Қожалық бү­гінгі күні бес азаматты тұ­рақ­ты жұмыспен қамтып отыр.

Қожалықта мал азы­ғын қам­дау бойынша туын­дап отырған қиындық бай­қал­майды. Мал жайылымы және азық дайындауға берілген шабындық та бар.

«Қазақ «Еңбек етсең – емерсің, ерінбесең – жеңер­сің» дейді. Еңбек еткеннің еш­қайсысы жұмыссыз қал­майды. Әсіресе, бәсекелестік дамыған заманда өмір сүріп отырған жайымыз бар. Қа­зір өмірге келгенің де, өмір­ді сүргенің де ешкімге мін­дет емес. Біреуге алақан жайып отыратын қоғам да емес. Адам өзінің күшіне, бі­лі­міне, адал еңбегіне ғана се­нетін уақыт. Адам ерінбей ең­бектенсе, ойындағысының бәрі орындалады дер едім», – дей­ді ол.

 

Ақбота ӘЛІМ